Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауызсу беру уақытша тоқтатылады

17.10.2023, 17:55 109

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!

2023 жылдың 19 қазан күні сағат 20.00-ден бастап 20 қазан күнгі сағат 06.00-ге дейін теміржолдың арғы бетінде (залинейная часть города) орналасқан «КБИ», «Мұнайшы», Коммунизм», «Шанхай», «Әл-Фараби», «Бәйтерек», «Титов», «Қызылжарма» ауылдық округі, «Гагарин» тұрғын аудандарының орталықтандырылған ауызсу жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осы жұмыстарға байланысты 2023 жылдың 19 қазан күні кешкі сағат 21.00-ден 20 қазан күні таңғы сағат 06.00-ге дейін «КБИ», «Мұнайшы», «Коммунизм», «Шанхай», «Әл-Фараби», «Бәйтерек», «Титов», «Қызылжарма» ауылдық округі, «Гагарин» тұрғын аудандарының орталық ауызсу жүйелеріне ауызсу беру уақытша тоқтатылатын болады.

Ауызсуды пайдаланар алдында кранды ашып, хлордың иісі толық кеткенше ауызсуды пайдаланбауды сұраймыз.

Ведомстволық мекемелерде 2023 жылы 20 қазан күні сағат таңғы 06.00-ден бастап суды ағызып, хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: