Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауданда таза ауызсумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде

05.06.2026, 14:45 30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмасы Арал ауданы бойынша толықтай орындалуда.

Аталған тапсырма аясында Арал ауданында бірқатар жұмыс атқарылып, нәтижесінде аудан бойынша 48 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылды. Ал, қалған 4 елді мекен (Атанши, Мойнақ, Сазды және Абай) бүгінгі күнге дейін орталықтандырылмаған ауызсу көздері, яғни шахталық құдықтар арқылы таза ауызсумен қамтылуда.

Жақын күндері Абай ауылы да толықтай орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: