Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

15.08.2026, 1:03 25

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдап, олардың ұсыныс-тілектері мен жеке мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Жұмысқа орналасуға қатысты өтініш білдірген азаматтарға аудан аумағындағы бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктер туралы мамандар ақпарат берді.

Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелерді сала мамандарымен бірге жан-жақты зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау қажеттігін атап өтті. Бірқатар өтініш бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің жеке қабылдауына «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы немесе аудан әкімдігіне жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: