Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шығыстың тазалық туралы жеті қағидасы

11.04.2021, 9:00 728

HALYQLINE.KZ

  1. «Қол тазалығы» – артық нәрсе алмау дегенді білдіреді. Бұл жерде артылғаннан садақа беру туралы да айтылып тұр.

2. «Құлақ тазалығы» – қорқақ, ашулы, күйгелек… адамдарды, сонымен қатар өсек, бос сөзді тыңдамау.

3. «Көз тазалығы» – назарыңды күнәға итеретін жат нәрседен, бөгденің дүниесінен қорғау.

4. «Ауыз тазалығы» – бос сөйлеу, өсек, жаман сөз айтудан аулақ болу.

5. «Тән және киім тазалығы» – тәнің мен үстіңдегі киіміңді күту, таза ұстау.

6. «Ой тазалығы» – ашу, көреалмаушылық, өзіңе сенімсіздік, негатив шақыратын ойдан арылу. Өзіңді-өзің аяуды әдетке айналдырмау.(Өзіңе аяушылық – енжарлықтың серігі).

7. «Жүрек пен жан тазалығы» – ішкі сезімдеріңді таза күйінде сақтау, жақсы көріңіздер және ақысына ешнәрсе күтпеңіздер, талап етпеңіздер.

Жақсы көре білудің өзі – бақыт.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: