Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қомағайлар көбейді, ниет, пейіл тарылды

10.07.2021, 17:00 422

HALYQLINE.KZ Имандылықты, мейірімді, асыл тәрбиені бұрын ауылдан іздейтін едік. Қазір соның бәрін ұйыстырып отыратын, табынатын, сөзіне, айтқан уәжіне тақ тұратын, алдында өзіңді баладай сезінетін қария жоқ. Бар болса да бірен-саран. «Қызға қырық үйден тыйым, болмаса қара күңнен тыйым» дегенді айтатын кемпір аз. Тәуелсіздік, нарық қазаққа бақ болып келгенмен, бізден алатынын да алды. Жан да, тән де жалаңаштанды. Ұят, ар сатыла бастады. Қомағайлар көбейді, ниет, пейіл тарылды. Қайта қазір қаладағы адамдар, қаладағы жастар имандылыққа ұйып, мешіттерге барып жүр. Ауылды қайтып баяғы қалпына келтіреміз? Осыны ойлап жылаймын. Қариялардың баласындай, немересіндей балалардың алдында арақ ішкенін қайтіп қойдырамыз? Тектіліктің іздерін қайдан іздеп табамыз? Ақынның жүрегінен осының бәрі өтіп жатыр.

Әселхан Қалыбекова,

айтыскер ақын

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: