Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүркіт пен жылқының түйсінісуі

02.02.2020, 9:30

Әкемнің 23 жыл мінген көк аты болды. Бүркіттері де сол атқа әбден бауыр басып алған. Ұзақ жолда қолы талғанда әкем бүркітті жіберіп қоятын, ол ана төбеге бір, мына төбеге бір қонып ілесіп ұшып отыратын. Межелі жерге таяғанда бүркітті шақырып алады ғой, сондайда кейде бүркіт әкемнің қолына қонғалы келе жатып жалт беріп көк аттың сауырына қонатын, бұл еркелегені әрине. Көк ат мыңқ етпейтін. Сауырына бүркіттің тұяғы батады ғой, сондада. Әкем мәз… Ал әлгі бүркіт көк аттан басқа атқа олай істемейтін… олардың сезімдері, түйсінісулері сондай таза, сондай биік, сондай адал, сондай риасыз, сондай… әкемнің кәрі жанын жас баладай балқытушы еді…

Ұларбек Нұрғалым

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: