Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаламгерлерге құрмет

01.07.2024, 8:45 427

HALYQLINE.KZ

БАҚ өкілдерінің мерейлі мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Айтулы күннің құрметіне орай, шаһар басшысы Серік Қожаниязов журналистердің қоғамдағы орны мен халық жүрегіндегі беделі туралы тілге тиек етіп, айшықты мерекемен құттықтады, деп жазады Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ, билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы» деп, мәртбелеріңізді айқындаған Масс-медиа Заңына қол қойды. Расында, бұқаралық ақпарат құралдары еліміздің бүгіні мен ертеңін қалыптастыруда, қоғамды демократияландыруда, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саяси тұрақтылығын қалыпты ұстауда айырықша маңызға ие. Осы ретте, ұлт болып ұйысуға, ұлт жоспары мақсатында атқарылған іс-шараларға белсене қатысып, ақпаратпен қамтудағы зор үлестеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамын», – деді қала әкімі Серік Салауатұлы.

Содан соң шаһардың тыныс-тіршілігін, өзекті мәселелері мен жарқын жетістіктерін ақпараттандырып, халық пен билік арасында алтын көпір бола білген бірқатар сала үздіктеріне қала әкімінің арнайы алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табысталды. Олардың қатарында «Халық» газетінің дизайнері Айнұр Үмбетова да бар. Сондай-ақ, ардагер-журналист, Ақпарат саласының үздігі Жағыппар Қарабалаға және «Ақпарат kz» газетінің бас редакторы, жуырда ғана мерейлі 70 жасқа толған Бибайша Алпысбаеваға қаламыздың ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды.

Қаламыздың рухани айнасы – «Ақмешіт апталығы» газетінің 30 жылдығы және шаһар тұрғындарының сүйікті арнасы «Қызылорда қоғамдық телеарнасының» 25 жылдығына орай қос ұжымға сый-құрмет көрсетілді.

Ұлт мақтанышы Шерхан Мұртаза айтқандай, «Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» сала өкілдерінің қадірін арттыру бағытында мереке қарсаңында көптеген мәні мен маңызы жоғары іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі ретінде, еліміздің түкпір-түкпірінен 8 команда жиылып, шын мықтыны анықтаған шағын футболдан республикалық турнирді айтсақ болады. Жалпы, мұндай іс-шаралар дәстүрге айналып, ұшқыр қалам иелеріне көрсетілер құрмет толастамақ емес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: