Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жамбылдағы жарылыстан 4 әскери адам қайтыс болды

27.08.2021, 10:00 290

HALYQLINE.KZ Жамбыл облысындағы жарылыстардан төрт әскери адам қаза тапты.

Бұл туралы бүгін баспасөз қызметінде қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті. Сонымен қатар, жоғалып кеткен бірнеше адам іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

«Ең алдымен өрт сөндіру барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын-туыстарына көңіл айтамыз және жарақат алғандарға тез арада жазылып шығуын тілейміз», – деді Ермекбаев штабта өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатқаны хабарланған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: