Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазақ тілі сол кедейлердің тілі болып қала береді»

12.09.2020, 17:00 613

HALYQLINE.KZ Астанада қымбат, қаланың ортасынан, элитный үй алғыңыз келсе, Dream City, Park Avenue, Crocas, Ботанический, Зеленый Квартал сияқты үйлерді қараңыз.

Кедейлеу болсаңыз, қаланың шетінде Сезім қала, Арнау, Қамал сияқты үйлер бар.

Жалпы айтпағым, сол баяғы жыр болған – тіл мәселесі. Бізде элита қазақ тілін керек етпей, тіл мәселесі шешілмейді. Қазақ тілі сол кедейлердің тілі болып қала береді. Ауылдан келгендер, таксисттер, базардағылардың сөйлегені көп нәрсе шешпейді.

Ақшасы бар, сөзі өтімді адамдар сөйлеу керек. Ақшаны аз тапсаң, қоршаған ортада емес жанұяңда сөзің өтпейтін біреу боласың.

Қазір енді қарап тұрсаң, Астанада орыс сыныптарында орыс балаларды итпен іздейсің. Көбі өзіміздің қазақтар. 80-90%-ы қазақ бола, тұра орыс сыныбына барады.

Үндістанда ағылшындар жоқ болса да, элита әлі күнге дейін ағылшынша сөйлеседі. Енді бізде алдағы 20-25 жылда өзбектер орыстардан көп болады деп ойлаймын. Сол кезде біз өзбекшеге өтеміз бе?

Қазақ бола тұра балаларын қалай ұялмай орыс сыныбына береді екен?

Сәбит Рысбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: