Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пайдасы мол кеңестер (2-бөлім)

16.05.2021, 9:00 825

6. Тамақ ішердің алдында аш қарынға бір стақан су ішу қажет. Көптеген диетологтар суды көп ішетін адамдардың емделуге жиі келмейтіндігін айтады. Осыдан-ақ суды көп ішудің пайдасы қандай екендігін аңғару қиын емес.

7. Барлық жаңалықтардан хабардар болып жүруге тырысыңыз. Ол сізге қажет болмаса да жаңалықтарды білетін адам әрдайым жақсы әңгімелесуші және кез келген ортаның сүйікті қонағы болады.

8. Күнделікті аздаған уақытыңызды өзіңіздің хоббиіңізге арнаңыз. Ол 1-2 сағат сізге теледидардан құр бағдарлама немесе жарнама көргеніңізден әлдеқайда жақсы әсер етеді. Егер хоббиіңіз болмаса, өзіңізге ұнайтын іс тауып алып, күнделікті соған аздаған уақытыңызды бөліп тұруға тырысыңыз.

9. Күн сайын өзіңізді кемелдендіруден талмаңыз. Ұзақ болмаса да күнделікті кітап оқыңыз. Өйткені біз кітап оқи отырып өзіміздің дүниетанымымызды жетілдіріп, есте сақтау қабілетімізді жақсартамыз. Сонымен қатар, кітап – ақпараттың қайнаркөзі.

10. Ұйықтар алдында таза ауада серуеңдеңіз. Балаларыңызбен немесе итіңізбен бірауық жүріп қайтсаңыз ұйықтар алдында ағзаңызға көбірек оттегі жиналады және де бұл ұйқыңызды шақырады. Тиісінше, таңертең оянуыңыз да жеңіл болады.

Егер осы кеңестердің бірнешеуін күнделікті орындап тұрсаңыз, бір айдың көлемінде сіздің өміріңізде өзгерістер бола бастағанын байқайсыз, әрине, тек жақсы жағына қарай өзгерістер орын алатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: