Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруға қол қойды

24.07.2026, 20:05 23

Шілденің 23–24-і күндері Ақтау қаласында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Өңірлер басшылары кеңесінің I отырысы өтті.

Оған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұл қатысты.
Кеңес отырысы аясында «Инвестициялар, сауда және көлік байланысы» тақырыбындағы пленарлық отырыс, Қазақстан–Өзбекстан бизнес-диалогы, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастықтарының қатысуымен B2B кездесулер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының Әндіжан облысы хокимияты мен Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы әкімдігі арасында 2026–2028 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды.

Аталған жол картасы тараптар арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Құжат аясында инвестиция тарту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, ауыл шаруашылығы, сауда, білім, ғылым, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша нақты іс-шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделген.

Қол қойылған құжат екі өңір арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға, өзара тауар айналымын ұлғайтуға, тәжірибе алмасуға және халықтар арасындағы достық байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: