Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сайлыбаев зейнетке кетті

15.10.2020, 18:15 2133

HALYQLINE.KZ

Бүгін М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры, білім беру саласына елеулі үлес қосқан азамат Бақытжан Сайлыбаев құрметті зейнет демалысына шықты, деп хабарлайды Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова білікті ұстаздың білім саласын өркендету жолындағы еңбегін айрықша атап, аймақ дамуына қосқан еңбегіне алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.

– Бақытжан Әбдіқалықұлы, сіздің білікті әрі жанашыр педагог, құрметке ие абыройлы ұстаз ретіндегі орныңыз бөлек. Сіздің отандық білім беру жүйесінің алға басуына сіңірген еңбегіңіз ұшан-теңіз. Қаншама жас мамандар сізден тәлім алып, жаныңызға топтасты. Білім басқармасын басқарған сәттегі бастамаларыңыз, аймақтың білім кеңістігіндегі қол жеткізген табысты сәттеріңізді Сыр елінің қауымы жақсы біледі. Білікті басшы, табысты менеджер ретінде орныңыз ерек. Әрдайым құрметке бөлене беріңіз,-деді басқарма басшысы Ақзира Қасымова.

Мерейлі сәтте колледж директорлары Бақытжан Әбдіқалықұлының еткен еңбегі мен игі істеріне тоқталып, үлгілі ұстазға құрметін білдірді. Шара соңында басқарма басшысы Ақзира Қасымова облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың арнайы алғысын жеткізіп, игі дәстүрмен иығына шапан жапты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: