Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушы білімі тексеріледі

30.04.2026, 14:00 37

Сәуір айының 30-ынан бастап еліміздегі екі мыңға жуық мектептің 4 және 9-сыныптарында оқитын 100 мыңнан астам оқушының білім деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі el.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған мониторинг – оқушылардың білім сапасын бағалауға арналған отандық зерттеу құралы. Оның нәтижесінде оқу бағдарламаларының тиімділігі сараланып, оқу-тәрбие үдерісіндегі жетілдіруді қажет ететін бағыттар анықталады.

Зерттеу қорытындысы бойынша әр өңірге кешенді талдау жасалып, білім сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.

Мониторинг оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану бағыттары бойынша функционалдық сауаттылықты қамтиды. Сонымен қатар, білім алушылардың жетістіктерін бағалау аясында білім сапасына әсер ететін түрлі факторларды анықтау үшін сауалнама жүргізіледі.

Сауалнамаға оқушылармен қатар педагогтер, мектеп басшылары және 4-сынып оқушыларының ата-аналары қатысады.

Зерттеу рәсімі халықаралық талаптарға сай стандартталған форматта ұйымдастырылады. Еске салсақ, 2025 жылдың басында білім алушылардың жетістіктерін мониторингтеу жүйесі халықаралық RCEC сапа белгісіне ие болған.

Сондай-ақ 1 сәуір мен 15 мамыр аралығында Қазақстанның білім беру ұйымдарында PIRLS-2026 және TIMSS-2027 халықаралық білім сапасын зерттеу жұмыстары өтіп жатыр.

Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: