Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәстүрлі қалалық Тамыз кеңесі өтті

25.08.2022, 17:30 1189

HALYQLINE.KZ Бүгін дәстүрлі қалалық тамыз кеңесі өтті. Жиынға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры София Тәкенқызы және мектеп директорлары қатысты.

Кеңесті Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» тақырыбындағы баяндамасымен ашты. Жыл сайын өтетін жиында білім саласында өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланып, алда жаңа оқу жылына енгізілген өзгерістер жайы сөз болды.

– Қазір қоғам мен өркениет қатар дамыған заманда білімділер көш бастайды. Бұл тұста әрине ұстаздардың білім деңгейі жоғары талаптарға сай болуы тиіс. Осыған орай, кеңес барысында бірқатар тың ұсыныстар қаралады. Балғындарға сапалы білім беріп қана қоймай, әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ден қою міндетті, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы.

Тамыз кеңесіне қатысушылар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының өнер, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды. Көрменің басты мақсаты – енгізіліп жатқан инновациялық-ақпараттық технологияларды кеңінен таныстыру, қаланың білім беру мекемелерінің жетістіктерін көрсету, сонымен қатар, білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: