Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының бұйрығымен Жахудаев Нариман Үсенұлы мемлекеттік әкімшілік лауазымымен көзделген міндеттерді атқару үшін арнайы тексерудің нәтижелері келгенге дейін «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы болып 2025 жылғы 18 сәуірінен бастап тағайындалды.
Нариман Үсенұлы 2013 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылындағы №224 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі болып бастап, 2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының консультанты қызметінде болған.
2018 жылы Жаңақорған ауданы Ақсуат ауылындағы № 245 жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып, бүгінгі күнге дейін №221 жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп директоры қызметін атқарған.
©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!