Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім бөлімінің басшысы тағайындалды

14.05.2026, 14:36 67

Бүгін Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен актив отырысы өткізілді. Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов арнайы қатысып, аудандық білім бөлімінің жаңа басшысы Ахметжанов Жанболат Бекмағанбетұлын таныстырды.

Жанболат Ахметжанов — Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «География» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 2013–2016 жылдары Жаңақорған ауданы №164 орта мектепте география пәнінің мұғалімі;
– 2016–2018 жылдары Жаңақорған аудандық білім бөлімінің бас маманы;
– 2018–2025 жылдары №164 орта мектептің директоры;
– 2025 жылдың мамыр–маусым айларында №221 орта мектептің директоры;
– 2025 жылдың маусым–қазан айы аралығында аудандық білім бөлімінің бас маманы;
– 2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Аудан әкімі Мажит Самитов, жаңа басшының жинаған мол тәжірибесін, кәсіби қабілетін жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға жұмсайды деп сенім білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов мекеменің жаңа басшысы Жанболат Бекмағанбетұлын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: