Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалардың игілігі жолындағы маңызды кездесу

16.05.2025, 9:00 81

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында республикалық Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары директорларының Үйлестіру кеңесінің кезекті көшпелі отырысы өтті. Бұл маңызды жиын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған үздік тәжірибелер мен тиімді шешімдерді ортаға салуға арналды.

Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов алғы сөз сөйлеп, балаларды қолдау бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мен жетістіктерге тоқталды. Одан кейін «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» Ұлттық корпоративтік қорының директоры Гүлмира Асанова кіріспе сөз айтып, Үйлестіру кеңесінің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Күн тәртібіне сәйкес, алғашқы баяндаманы жасаған Қызылорда облысының Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Лариса Скакованың ұсынысы бойынша өңірдегі тәжірибе мен жетістіктер талқыланды. Бұдан соң Алматы қаласы мен Астана қаласының балалар ауылдарының директорлары Динара Жүнісова мен Гүлдана Өскембаева өз өңірлеріндегі тәжірибелерді бөлісті.

Кофе-брейктен кейін бағдарламалық даму департаментінің директоры Марина Чернова интернаттық мекемелермен жұмыс істеудің жаңа әдістері жөнінде баяндама жасады. Бұл озық тәжірибелер сала мамандарына үлкен серпін берді.

Түскі үзілістен соң Теміртау қаласының балалар ауылының директоры Гүлмира Қабидева отбасылық үлгідегі тәрбие жүйесінің тиімділігі туралы ойларымен бөлісті. Жиын пікірталас форматында жалғасып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талқылады.

Көшпелі отырыс қорытындылаумен аяқталды. Үйлестіру кеңесінің жұмысы балалардың болашағына бағытталған нақты қадамдарды айқындап, кәсіби қауымдастықтың өзара байланысын нығайта түсті. Бұл – еліміздің әр өңірінде балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасаудың маңызды кезеңі.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: