Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл мұғалімдері NIS-те тағылымдамадан өтті

28.09.2023, 15:54 164

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының Арал, Қармақшы және Жаңақорған аудандарының тірек мектеп мұғалімдері өңірдегі NIS-те тағылымдамадан өтті.

Бір күндік оқуға Ж.Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейі, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі және №286 жалпы білім беретін мектептен 100-ге жуық мұғалім келді. Педагогтер жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық,  дене шынықтыру, бейнелеу өнері,  робототехника және информатика бағытындағы пәндер бойынша 50-ден астам ашық сабаққа қатысып, оқу үдерісін тиімді жоспарлау бойынша біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар оқытудың инновациялық тәсілдерімен танысып, әдістемелік қоржындарын толықтырды. 

«Білім беру жүйесін басқару» алаңында қатысушылар мектеп дамуына ықпал ететін негізгі қағидаттар  жайында ақпарат алып, NIS-те тәрбие жұмысын іске асыру, оқушыларды олимпиадаларға және ғылыми жобалармен айналысуға тарту ерекшеліктерін көрді.  

Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған шеберлік-сыныптар мен дөңгелек үстел басында ауыл ұстаздарына педагогикалық  мәселелер бойынша кеңестер берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: