Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі мектеп бітіруші түлектерге ашық есік күнін өткізді

20.05.2026, 13:50 33

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов аудандағы мектеп бітіруші үздік түлектермен кездесуден кейін, аудан әкімдігі ғимаратында жас түлектермен ашық есік күнін өткізді.

Аудан басшысы оқушыларға әкімдік ғимаратын аралап көрсетіп, ауданның құрылу тарихын, өңірдің өсіп-өркендеуі жолында еңбек сіңірген ел ағаларының еңбектері жайында айтып берді.

Ғимаратты аралау барысында аудан әкімі өзінің жұмыс кабинетімен таныстырып, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен елге қызмет етудің маңыздылығы туралы атап өтті. Жастармен еркін форматта пікір алмасқан аудан басшысы олардың болашақ мамандық таңдауы, алға қойған мақсаттары мен білімге деген ұмтылыстары жөнінде сұхбат құрды.

Кездесу барысында аудан әкімі жас түлектерге алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді жоғары деңгейде тапсырып, өздері қалаған жоғары оқу орындарының студенті атануларына тілектестігін білдірді. Ел болашағы – білімді де білікті жастардың қолында екенін атап өтіп, әрдайым ізденісте болып, туған елдің дамуына үлес қосатын азамат болуға шақырды.

Кездесу соңында оқушылар аудан басшысымен естелік суретке түсіп, ашық есік күні аясындағы тағылымды жүздесуден ерекше әсер алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: