Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда мұғалімдер спартакиадасы аяқталды

12.10.2021, 9:30 150 0

HALYQLINE.KZ 2019 жылы 29-30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрінің бастамасымен ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында тұңғыш рет «Қазақстан мұғалімдер спартакиадасы» өтті.

Жарыстың іріктеу кезеңдерінде еліміздің барлық өңірінен 6000-ға жуық мұғалім бақ сынады. Республикалық спартакиадаға 13 облыс, 2 қаладан 600-ге жуық мұғалім шағын футбол, баскетбол 3х3, волейбол спорттары бойынша қатысты».

Интернет желісінен алынды.

Ал, теңіз төскейінде ағымдағы жылдың 4-9 қазан аралығында Арал ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдер күні мерекесіне арналған білім қызметкерлері арасында аудандық спартакиада ұйымдастырылды.

№14 және Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейлерінің және №260 орта мектебі, Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия спортзалдарында спартакиада бағдарламасына сәйкес шағын футбол, баскетбол, волейбол (ерлер және әйелдер), үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, қол күрес, гір және арқан тарту сынды спорт түрлерінен сынға түскен додалы бәсеке тартымдылығымен көпшіліктің есінде қалды.

Осынау байрақты бәсекеге білім бөліміне қарасты мекемелерінен 18 команда, 350-ге жуық адам қатысты. Ойын аса тартысты өтті. Жарысқа қатысқан әрбір ойыншгы, команда абырой биігінен табылып, жеңіске жетуге бар күш-жігерін салатыны белгілі.

Сергектік пен соны серпін, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мұғалімдер спатакиадасы «Ұстаз» атты ұлы ұғымның қаншалықты қастерлі екенін тағы да терең ұғындыра түсті.

Кез келген жарыстың бағасын беретін төрешілері болатыны әмбеге аян. Осы орайда аталмыш жарыстың төрешілері әділ бағалаумен қатысушылар көңілінен шығуға тырысып бақты.

Әр жарыстың жеңімпаздары болатыны заңдылық. Спартакиаданы түйіндеген рәсімге Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова, спорт саласының ардагер ұстаз ағай, апайлары Қуаныш Сағатов, Орынбай Әбдікеров, Жаңаберген Кеңесбаева, Збайда Елубаева және мектеп директорлары қатысып, қатысушыларға жоғары шеберлік көрсетіп, спорттық жарыстың жоғары деңгейде өтуі олардың дайындығының арқасы екенін атап өтіп, жарыс жеңімпаздарын марапаттады. Жарыстың демеушісі – «Қазалы-Жомарт» қоғамдық бірлестігі атынан қатысушыларға диплом, кубок, медальдар,естелік сыйлықтар табыстылды.

Осылайша 148,5 жалпы ұпай жинаған № 220 орта мектеп командасы спартакиада жеңімпазы атанды. Ал 145,5 ұпай еншілеген №14 мектеп-лицей командасы ІІ орын иеленді. Жүлделі ІІІ орынды 144,5 ұпаймен №19 орта мектептің құрама командасы еншіледі.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: