Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда 300 орындық жаңа мектеп ашылды

01.09.2021, 14:25 383

HALYQLINE.KZ Жаңа оқу жылында Арал ауданының Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп салтанатты түрде ашылды. Білім ошағы Президент тапсырмасы негізінде салынып, ел игілігіне берілді. 2 қабаттан тұратын мектеп халықаралық стандарт бойынша тұрғызылған. Нысанда 20 сынып кешені, спорт зал, мәжіліс залы, кітапхана, асхана және автотұраққа дейін қамтылған. Оқу жылында 442 оқушы білім алады. Оның 40-ы мектеп табалдырығын алғаш аттады. Білім ордасындағы ұстаздардың 100 пайызы коронавирустық инфекцияға қарсы екпені толық салған. Сонымен қатар, білім ошағында санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң сақталған.

Айта кетейік, Сексеуіл кентінде 15 мыңға жуық тұрғын бар. Кент орталығы үстінен теміржол торабы өтеді. Мұндағы 3 мектептің барлығы теміржолдың бір жақ бетінде орналасқандықтан арғы бетте тұратын оқушылар шойын жолды кесіп өтуге мәжбүр болды. Енді жаңа мектеп бұл қиындықтарды артта қалдырды. Осылайша, Сексеуіл кентіндегі 4 білім ошағы орын тапшылығын толық жойды. Бүгіннен бастап өңірдегі оқушылар оқуды дәстүрлі форматта бастады. Ұстаздар мен ата-аналар мектепке «Ашық» қосымшасы арқылы кіреді. Ал, оқушылар 5 сатылы дезинфекциялық тексерістен өтіп барып, мектепке кіре алады. Қарым-қатынасты шектеу үшін «1 сынып-1 кабинет» қағидасы енгізілген. Яғни оқушылардың қоңырауда топтасып қалуына жол берілмейді.

Еске салайық, биыл Сыр елінде 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оның 3-еуі 1-қыркүйекте берілсе, қалған 3-еуі жыл аяғында табысталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: