Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әл-Фараби тақырыбында конференция өтті

05.11.2020, 12:25 606

HALYQLINE.KZ Баршамызға белгілі биыл елімізде әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Осыған орай, бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінің «Филология, журналистика» кафедрасының жанындағы «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби – философ, ғалым, ақын, ғұлама» тақырыбындағы студенттер конференциясы өтті. Студенттер конференциясын ұйымдастырушылар Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына студенттердің назарын аудару, ғылыми мұрасын зерттеуді басты мақсат ретінде қойған.

Конференция жұмысы кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Т.Медетбаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Фарабитанушы ғалым «Әл-Фараби – әлемнің екінші ұстазы, ұлы философ әрі ғалым» тақырыбында өз ойын қозғады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттері Ұлжан Абсадикова «Әл-Фарабидің ақындығы», Аружан Әбдрахманова «Әл-Фарабидің музыкасы, оның зерттелуі», Замира Қарланбаева «Әл-Фараби – әдебиетші ғалым» тақырыптары бойынша баяндамаларын оқыды.

Студенттер конференциясын «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Нұрсұлтанқызы жүргізді.

«Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: