Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Abai school» газеті оқырманға жол тартты

11.10.2021, 20:33 69 0

HALYQLINE.KZ Жаңа оқу жылынан бастап Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептен «Abai school» басылымы оқырманға жол тартты.

Басылым мектептің жаңалығымен қатар оқушылардың шығармашылығынан сыр шертеді. Газеттің негізгі мақсаты – білім алушыларды шығармашылыққа шыңдау және мектебіміздің тың жаңалықтарын оқырман қауыммен бөлісу.

Басылым 4 беттен тұрады. Басты бетте мектептің айшықты ақпараты жарияланса, 2-3 беттерден редакцияның жас тілшілерінің мақалалары, сондай-ақ оқушылардың шығармашылығынан таныс боласыздар. Соңғы бетте бітіруші түлектерге керекті кеңес пен ҰБТ-ға бағыт бағдар беріледі.

«Abai school» газеті айына бір рет шығарылады. Таралымы – 100 дана.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: