Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада балабақша балалары төбелесті

19.01.2024, 9:10 271

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласындағы балабақшада ұл баланы өзімен жасты сәбилер ұрып тастаған. Салдарынан баланың ерні жырылып, жарақат алған.

Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде жариялады. Ақпаратта облыс орталығындағы «Аяла-Жан» балабақшасында тәрбиеленіп жатқан баласының ерні жырылып, жарақат алғаны айтылған. Мекеме камерасына түскен видеода ұл балаға бір топ бала жабылғаны көрінген. Жамбасынан теуіп, басы мен бетінен ұрған.

Аталған оқиға жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.

«Қалалық білім бөлімі аталған балабақшаға зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады. Мәлімет қосымша хабарланады», – делінген хабарламада.

Ал Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бұл мәселеге байланысты тиісті жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.

«18 қаңтарда әлеуметтік желіде жарияланған «Аяла Жан» балабақшасында болған оқиға жөніндегі жарияланым басқарманың ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Ол бойынша құжаттар жинақталып, Қызылорда облысы білім басқармасына тиісті шешім қабылдау үшін жолданады», – деп мәлімдеді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы.

Дереккөз: Aikyn.kz.

Көрнекі  сурет  ашық дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: