Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Баланың білімді болғаны қандай жақсы!

24.07.2022, 10:00 454

HALYQLINE.KZ «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген екен ғұлама Мұхтар Әуезов… Білімді балақайларды жеңістерімен құттықтайық!

Баланың білімді болғаны қандай жақсы! Жемқорлық, парақорлықтан көз аша алмай, әділет іздеп отырған бүгінгі қоғамға осындай білімді жастар керек-ақ. Ертеңгі күні қу құлқынның қамымен Отанын тастап шетелге кетпейтін, өз елінен адаспайтын, Өз елінің сұлтандары болсын деп тілейік!

Ұлттық құрама химиядан халықаралық олимпиадада (IChO-2022) 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Биыл бұл жарыс Тяньцзинь қаласында (Қытай) өтті.

Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Ақтау қалаларынан 4 оқушы қатысты. Олар әлемнің 83 елінен келген 322 оқушымен бақ сынасты. Осылайша, 4 оқушымыз да беделді олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Ұлттық құрамаға 2017 жылдан бергі алғашқы алтынды Мадияр Қасымалы әкелсе, Санжар Бисенәлі, Санжар Нұрғалиев және Альмира Нұрланова күміс жүлдені еншіледі. Былтыр қоржынымызға үш күміс, бір қола медаль түскен болатын.

Балалар еліміздің ең мықты жоғарғы оқу орындарына тегін оқуға мүмкіндік алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: