Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалық – бақыт мекені

01.06.2026, 17:45 59

HALYQLINE.KZ

Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жаңақорған ауданының орталығындағы «Prime Park» демалыс орнында «Балалық – бақыт мекені» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келген жарқын мерекені асыға күткен бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары орталық саябаққа жиналды. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі де қатысып, арнайы дайындалған көрмелер мен шығармашылық қойылымдарды аралады, балалардың жетістіктерімен танысты.

Мерекелік бағдарлама аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен сахналанған театрландырылған көрініспен басталды. Аниматорлар мен ертегі кейіпкерлері кішкентай көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің ажарын аша түсті.

Мерекелік іс-шарада аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, балаларға арналған спорттық жарыстар мен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер шат-шадыман көңіл күйге бөленіп, көтеріңкі әсер алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: