Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқаудан бас жүлдені еншіледі

15.03.2021, 10:00 385

HALYQLINE.KZ 13 наурыз – Жерге орналастырушы, геодизия және картография күні. Осы мерекеге орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы балалар арасында ата-аналарының жұмысын суретте бейнелеуден байқау жариялаған болатын. Байқауға филиалдың Мұрағат және деректерді жүйелеу басқармасының басшысы Қарлығаш Ахметованың ұлы Шадиярсұлтан Қайратұлы қатысып, республика бойынша бас жүлдені иеленді. Анасы жер кадастры саласында 17 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Шадиярсұлтан – қаламыздағы 253 мектептің 1 д сынып оқушысы. Қатарының алды, оқу озаты.

Шадиярсұлтанды жеңісімен, ата-анасын осындай қуанышымен құттықтаймыз! Әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берсін!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: