Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмбақ өлім

14.09.2023, 10:00 210

HALYQLINE.KZ

(болған  оқиға  ізімен)

Жарқынбек қаладағы той агенттіктерінің бірінде фото-видео монтаждаушы болып жұмыс істейді. Өзінің қызметін жан-тәнімен орындайды. Ел қуанышында түсірілген кадрларға әр беріп, өңдеп, иесіне қайтарады. Осындай қызу жұмыстарының бірінде компьютері істен шығады. Жарқынбек дереу өзінің басшысына хабарласып, жаңа компьютер керек екендігін айтады. Басшысы хабарламаларды қарап, қолданылған және ұзақ уақытқа іске асатын компьютер болса, соны ал деп тапсырма береді. Жарқынбек жарнамалық хабарламалардың бірінде ноутбук тұрғанын, жылы жаңа екендігін және бағасының да қолайлы бағада жазылғандығын көреді де дереу сонда хабарласады. Телефон тұтқасын көтерген жігіт қаладағы мекенжайын айтып, сонда келіп алып кетуге болатындығын айтады.

Жарқынбек есікті қағып еді, арғы жағынан жүзі солғын, көзінің асты қалталанып қалған, арық жігіт көрінді. Компьютердің жай-күйін сол жерден тексеріп алған соң, үйіне барып дереу оны қосып көрді. Бірақ компьютердің фонындағы шашыраған қанның бейнесі Жарқынбектің үрейін ұшырды. Сондай-ақ «D» қатқыл дискінің ішінде бірнеше папка орналасыпты. Олардың бірінде жас қызды қылқындырып өлтіріп жатқан жігіт, өліммен арпалысқан қыздың жанұшырған айғайы, қыздың камера алдында өліп кеткені түсірілген болса, екінші видеода адамдардың өз-өзіне қол салу жолдарын бейнелеп тұрып көрсетіпті. Ал келесісін ашуға тіпті Жарқынбектің жүрегі дауаламай қалады.

Бір қызығы, Жарқынбек ол папкаларды қанша өшіруге тырысқанымен, олар өшірілмейді. Содан ол өзінің программист досына хабарласып, ондағы суреттерді өшіру үшін үйіне апарып тастайды. Ертеңіне досына хабарласып мән-жайды сұрап еді, досы  оны өшіре алмағандығын және компьютерден әлдекімдердің шыңғырған, айғайлаған дауыстары естіле бергендігін айтады. Жарқынбек жүрегі алып-ұшып компьютерді өзінің иесіне қайтадан қайтармаққа әлгі жігіттің үйіне барып еді, есігін  ешкім ашпады. Көрші тұратын әжей кеше ғана осы үйде тұратын жігіт өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғандығын жеткізеді.

Жарқынбек ұзақ ойланып қайтып келе жатты. «Өткен жолы сол жігіттің түр-әлпетінен күдіктеніп қалғанымда-ақ затын алмай кетіп қалуым керек еді-ау» деп ойлады. Бірақ қазір кеш. Есінен ауысқан, әлдебір тылсым дүниемен байланысы бар адамдар осылай түсініксіз әрекеттер жасайтыны белгілі. Қолындағы мүлкін не істерін білмей, ақыры балталап сындырып, айдалаға апарып көміп тастады. Алайда Жарқынбек ол сұмдықтан бірден құтылған жоқ. Күнде түс көріп, түсінде әлгі жерді компьютердің егесі қазып алып жатқанын және оны Жарқынбекке қарай әкеле жатқанын көреді. Жарқынбек шошып оянып, талай түнді ұйқысыз өткізіп жүрді. Тығырыққа тірелген ол дереу не істерін білмей, көмілген компьютерді қайтадан алып, барлық сынық бөлшектерін өртеп жібереді. Осыдан кейін Жарқынбектің санасы сәл тынышталған сияқты болды. Жұмысынан шығып, өзге қалаға қоныс аударып кетті.

Ә.ҚЫСТАУБАЙ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: