Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір қолымен әлемді тербеткен…

17.01.2022, 9:10 560

HALYQLINE.KZ

Қазалыдағы аудандық әйелдер кеңесінің жұмысын қорытындылауға байланысты өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, облыс әкімі жанындағы облыстық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, қала, кент және ауылдық округтердегі әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиынды құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген әйелдер қауымының тіршілікке нәр беретін айрықша күшке ие екендігін, дана халқымыздың сонау ықылым заманнан нәзік жандыларын қастерлеп, шаңырақтың шырағы, ынтымақ пен ырыстың алтын діңгегі деп санағанын, қазіргі таңда әйелдер қауымы отбасының ұйытқысы болумен қатар, еліміздің дамуына үлес қосып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени салада табысты еңбек етіп келе жатқанын ерекше атап өтті.

Келесі болып сөз алған Қазалы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова атқарылған жұмыстар туралы баяндаса, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова мен облыс әкімі жанындағы облыстық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова қоғамдағы әйелдердің рөлі мен ерекше белсенділіктері туралы кеңінен әңгімелеп, келелі ой-пікірлерімен бөлісіп, әйелдер кеңесінің алға қойған мақсат-мүдделеріне тоқталды.

Басқосу барысында ауданның өркендеуіне зор үлес қосып жүрген белсенді әйелдер қауымы, іскер әйел-аналар, қыз-келіншектер аудан әкімінің, облыстық әйелдер кеңесінің «Алғыс хаттарымен» марапатталып, аудан өнерпаздарының әуезді ән-жырын тамашалады.

Салтанатты шараға қатысушыларға аудан әкімінің жаңажылдық сый сияпаттары табыс етілді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: