Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Танымал қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті

02.10.2026, 9:00 57

Белгілі қазақстандық журналист, телеарна редакторы Индира Жылқайдарова мезгілсіз өмірден өтті. Ол отандық медиа саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, өзіндік қолтаңбасын қалдырған білікті маман еді.

Индира Жылқайдарова 2015 жылдан бері «Хабар» агенттігінде қызмет атқарды. Ал соңғы жылдары телеарнадағы «Жеті күн» сараптамалық бағдарламасының редакторы-аналитигі лауазымын атқарып келді.

Ол елдегі заң шығару үдерістерін, Парламент қызметін және маңызды әлеуметтік-саяси мәселелерді жедел әрі терең талдап, көрерменге жүйелі жеткізіп отырды.

«Halyqline» ақпараттық порталының ұжымы Индира Жылқайдарованың мезгілсіз қазасына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына және барша әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: