Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рейхстагқа ту тіккен грузин өкінішпен өмірден өтті

10.05.2026, 14:25 49

HALYQLINE.KZ

1992 жылдың тамыз айы, Абхазияда грузин әскері тұр. СССР кезінде 15 республикадан еңбекшілер келіп, демалатын атақты санаторий отқа оранып жатты. Құдды бір Рейхстаг өртеніп жатқандай.

Москвадан өзін арнайы іздеп келген журналист Григорий Зотовты грузиннің еңкіш тартқан шалы үйіне шақырды. Грузиндік қонақжайлық көрсетіп, дастарқан басына шақырды. Екі қырлы стаканға чачаны ернеуіне дейін құйып тартып жіберген соң, әңгіме тиегі ағытыла бастады, көзі жасаураған шал: «Балам, менімен бірге Рейхстагқа ту тіккен досым Миша Егоровтың менен бұрын дүниеден кеткеніне қызғанатын болдым. Себебі, ол біздің ұлы Отанымыздың ыдырап жатқанын көрген жоқ. Неге бұлай болды? Мен осы кезге дейін өмір сүргеніме өкінемін», — деп сөзін аяқтаған еді. Осы кездесуге бір жылдан астам уақыт өткенде Мелитон Кантария қайтыс болды.

Соғыс аяқталған соң 26 жастағы Мелитон Варламұлы Кантария шахтада жұмыс істеді, жасы келіп ауыр жұмыс қиын болған соң ағаш ұстасы болып істей бастады. Бүкіл ел М.Егоров екеуін соғыстың соңғы ордасы Рейхсатгқа ту тіккен батыр ретінде танитын. Газет-журналдар мақалалар жазып, «Көгілдір от», т.б. телевизиялық хабарларға түсіп жатса да, «жұлдыз ауруына» шалдыққан жоқ.

Одақтың кез келген жерінен іздепкелушілерге дастарқанын жайып, чачаны бірге ішетіні аңыз болып тарады. Осыны естіген болған болуы керек, 1962 жылы Кеңес Одағының Маршалы, 4 мәрте Кеңес Одағының Батыры Г.К.Жуковтың өзі іздеп келіп, бір апта бойы қонақ болып жатты…

Кетерінде: «Сенің бұның жарамайды. Сенің орнын армия, академияда оқып, генерал болуына көмектесемін» дегенде, Кантария: «Рақмет Георгий Константинұлы, төрт жыл соғысқаным да маған жетеді. Осы өмірім өзіме ұнайды», — деп қалған-ды. Бірақ 1970 жылы М.Кантарияны КСРО Жоғары Кеңесіне депутат қылып сайлады. Астына су жаңа «Волга» автокөлігі берілді. Бірақ бірге ту тіккен досы Миша Егоров жол апатынан қайтыс болған соң, «Волгасын» сатып жіберді.

Депутаттық мерзімі аяқталған соң, ет дүкенінің меңгерушісі қылды. Бірақ жеке өмірі дұрыс болмады, шайпау қатынымен тұру мүмкін болмағасын, ажырасауға арыз жазғанда: «Мелитон Варламович, болмайды! Сіз бүкіл елге белгілі батырсыз және КПСС мүшесісіз» деді. Немісті жеңген батыр қойсын ба? Ақыры арызданып жүргесін КПСС-тің өзі ажырасауға рұқсат берді. Ажырасқан әйелі тағы да арыз жазған жоқ, тек: «Сен Мелитон, бүкіл елге белгілі батырсың ғой. Саған 10 қатын алуға да болады» деп соңғы сөзін айтып кетті.

Кантария Қазақстандағы Амантоғай ауданы, Тасты аулының тумасы, сөйлесіп жүрген орыс қызына үйленіп, Абхазияға көшіп келді. Арада 10 жыл өткен соң, мығзымас одақтың іргесі сөгіле бастады. Бір кезде грузин мен абхаз бауырлас халық деп жүрген екі халық жау болып шығып, бір-бірін өлтіре бастады. СССР-дің ыдырауын түсінбеді. «Бізді немістер де жеңе алмап еді ғой?», «Осы кезді Гитлер көрсе, артын ашып күлер еді» деп ашына айтушы еді. Өз өміріне қауіп төнген соң, Москваға барып пана сұрады. Москва қаласының мэрі астананың шет жағынан шағын пәтер берді. Босқын деген мәртебе алған соң, отбасын көшіріп әкеле жақтқанда поезд купесінде жүрегі ұстап, қайтыс болып кетті.

Ол отаным СССР деп, одақтың неге ыдырап кеткенін түсінбей кетті. Жерлеу рәсіміне де биліктен бір адам да келген жоқ.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы журналист-дайджест.

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: