Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алып баланың тағдыры

03.04.2022, 10:00 531

HALYQLINE.KZ

Жанболат Хатохов (24.09.1999-28.12.2020) Кабардин Балқарияда қарапайым бала болып дүниеге келді, салмағы 3 кг, бойы 50 см болды. Алайда уақыт өте келе ол алып сәбиге айналды: 1 жаста салмағы 17 кг, 2 жаста 34 кг, 3 жасында 48 кг болды. Сол кезден бастап дәрігерлер мен ата-анасы дабыл қаға бастады. Жанболат бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болды, газеттер жарыса жазып, телеарналар жарыса шақырып жатты, Андрей Малаховтың шоу-хабарының басты кейіпкері болды. Анасын хабарларға қоса шақырғасын, баласының дене ауытқушылығына еш қысылмай қайта ұлымен мақтанатын болды. Көптеген ата-аналар балаларын дұрыс тамақтандырмайды деуі көрермендердің наразылығын туғызды.

2003 жылы Жанболат 3,5 жасқа толғанда салмағы 52 кг., аяқкиім мөлшері 32-ші, әлемдегі ең семіз бала болып Гиннестердің рекордтар кітабына енді. Көп ұзамай Жанболатты жапон сумоистері назар аударып еліне шақырды, сумомен айналысып жүргенде анасы Ресейге қайтадан қайтып кетті. Жанболат жоғары сыныптарда оқып жүргенде салмағы 150 кг жетті.

Мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп студент атанғанда салмағы 220 кг жетті. Жігіт болған Жанболат қыздарға қырындай бастағанмен, ешқандай қыз жігіт ажарлы болғанмен семіздігіне қарап танысудан артыққа бармай қашқалақтай бастады. Осыған намыстанған Жанболат салмағын азайту үшін спорт залдан шықпай салмақты түсіруге арналған жаттығулармен айналысып 70 кг-ға салмағын азайтып, 150 кг болғанымен қыздар бұрынғыша қарамай қойды. Шарасыздықтан салмақты түсіреді деп жарнамаланған препараттарды іше бастады, ақыры оның да пайдасы болмай 2020 жылдың 28 желтоқсанында алып баланың алып жүрегі тоқтады. Дәрігерлік сараптама салмақ азайтатын перепараттарды шектен тыс тоқтаусыз қолданғаннан деп қорытынды шығарды. Жанболаттың анасы ұлының өліміне өзім кінәлімін дейді, Жапониядағы сумомен айналысуын тоқтатпауым керек еді дейді, ол жақтағы сумоистердің салмағы 250-300 кг болса да күрестің осы түрімен айналысқан соң ұзақ жасайды екен, өкінгенмен бәрі де кеш…

Бақытжан Абдул-Түменбаев,

тарихшы, журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: