Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызғалдақ

04.03.2020, 18:03 1547

(8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай)

Адам бойына имандылық, адамгершілік, тәрбиелік ананың ақ сүтімен дариды десек артық айтқандық болмас. Отбасындағы балаларын тәрбиеліде тәртіпті етіп тәрбиелеу – әрбір ата-ананың парызы. Осындай үлгілі отбасынан шыққан жандардың бірі – Қызғалдақ. Қызғалдақ – отбасында 5 жанның ішіндегі екінші қызы. Атасы Елемес пен әжесі Күлбарамның тәрбиесінде болды. Әжесі Күлбарам – он саусағынан өнер тамған тігін шебері. Мектеп қабырғасында оқып жүріп өзіне дәріс берген ұстаздарына қарап көп еліктейтін, болашақ ұстаз болуды армандайтын. Осылайша, балаң жас 2013 жылы 9-сыныпты бітіріп, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжіне «Негізгі орта білім беру» мамандығы бойынша «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша оқу орнына қабылданды. Осылайша, оқу орнындағы студенттік өмір басталды. Студенттік кездердің ыстығы мен суығына көне білді. Оқу бағдарламасының қиындығы ағылшын тілін меңгеру оңайға соқпады, жастық жігер мен осы тілді меңгеру үшін көп талпынды, сол шыңды бағындыра білді.

Мектеп қабырғасында, сонымен қатар оқу орнында түрлі іс-шараларға белсене қатысты. Оқу орнының 3-курсында «Сутденттер кеңесісінің төрайымы» болып сайланды. 2017 жылы аталған оқу орнын бітіріп, Бекарыстан би ауылындағы өзі білім алған №24 Ү.Түктібаев атындағы мектепке ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. Шәкірттерге білім нәрін себу жас маманға оңай болмады, ол үшін көп ізденуді қажет етті. Түрлі ғылыми-әдістемелік газет-журналдарға жазылып, шеберлігін шыңдай білді. Жас маман болып келген Қызғалдақ мектептегі түрлі іс-шараларға белсене атсалысады. Олардың бірі және бірегейі: 2017-2018 оқу жылында мектепішілік «Үйренейік, ізденейік. Жас маман!» сайысында бас жүлде және «Үздік портфолио» бағамымен, «Қыз-қылығымен көрікті» атты аудандық арулар конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен, аудандық О.Бөкей оқуларында «Көрермен көзайымы» бағамымен марпатталды. 2017-2018 оқуы жылында аудандық пәндер олимпиадасында ағылшын пәні бойынша 1 оқушысы ІІ дәрежесі дипломмен, халықаралық «British Bulldog» конкурсында 6 оқушысы ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марпатталды.

2018-2019 оқу жылында «Нұр Отанмен – Нұрлы Болашаққа» атты жазба ақындар мүшәйрасында ІІІ дәрежелі дипломмен, 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында округ әкімінің алғыс хатымен, «Тәжірибе алаңы-2019» атты мектепішілік байқауда «Жас ұстаз» бағамымен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Қызылорда іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Сыр еліне қош келдің, әз-Наурыз» атты мерекелік шарада белсенділік танытқаны үшін алғыс хат алды. Алматы қаласында өткізілген «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының бірлесуімен еліміздегі жас ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін айқындап, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік жас ұстаз-2019» форумына қатысып, «Үздік жас ұстаз» тосбелгісімен марапатталды.

Әр жылдарында біліктілігін арттыру оқу орындарында өз білімін жетілдіріп отырады. Өзі жетекшілік жасайтын 6 «б» сыныбы оқушылары тәртіпті де тәрбиелі, мектепішілік іс-шараларда белсене атсалысады. Қызғалдақ туралы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Баян Елбосын:

– Қызғалдақ мектебіміздегі жас маман болса да, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады, оқу процесінде оқушылармен өз пәні бойынша қызығушылығын арттырып, өз біліктілігін көрсете алады, – деген жақсы пікір білдірді. Елемес Қызғалдақ Қайратқызы жас маман болса да, мектеп ұжымының мақтанышына айналған, жас ұрпаққа үлгілі тәрбие, сапалы білім беретін ұстаз. Ағылшын тілін үйрену заман талабы болса, осындай ұстаздар келешек ұрпаққа білім нәрін осы кезден себетініне нық сенімдеміз.

Темір Қапаров,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі,

Қазалы ауданы,

Бекарыстан би ауылы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: