Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ОТСТАВКА» ОСЫ МА?

27.01.2022, 9:20 319

Қиын болды нарық,

«Үкімет отставкаға,

кетсін» деді халық.

Ақырында, бәрі тарады,

Бүған қол соғып бәрі,

Бір-біріне қарады.

Жаңа құрам белгілі,

Мынау болды ендігі:

Айтсам бәрі керім болды,

Креслода желім болды,

Құйрықтары жабысып,

Іштері қабысып,

Құттықтап жатты,

Бір-бірімен табысып!

Майбасов.Ө. орнына,

Ө.Майбасов келді,

Тайбасов.О. орнына,

О.Тайбасов келді!

Осылай, ойпырмай,

Көлеңкелер ауысты,

Тек, біразы ғана,

Өзге жақпен қауышты.

Министрлер қуанып,

Бастарын тегіс иді,

Көңілдері жұбанып,

Костюмдерін теріс киді.

Тоқсан пайыз қайтадан,

Мұны анық айта алам,

Қайта тағайындалды,

«Отставка осы ма?» деп,

Олар да пенде, шошыма деп,

Алыстағы ағайын қалды…

Мұхтар  ШЕРІМ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: