Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Иттің түрлері»

04.03.2021, 10:15 922

HALYQLINE.KZ

Артрит пен гастрит,

Дерматит пен гепатит.

Простатит, доданит,

Менингит пен бронхит.

Тізе берсек таусылмас,

Тағы басқа бұралқы ит…

Айтса берсем тек итті,

Атауға болар көп итті.

Көктен келіп қабатын,

Көрмедік бұрын COVID-ті.

Көктен жерге түсіп тек,

Кетеді екен күшіктеп…

Аптапта күйіп өлмейді,

Аязда кетпес үсіп тек.

Жұлынып шығып ауадан,

Болды оған «жау» адам…

Қадалса тісі кісіге,

Қалпақтай ұшар сау адам.

Ала-құла әжімі,

Адаммен жаман «әзілі».

Көріксіз осы кеселге,

Кім кигізген «тәжіні»?

Ашылып тұрса араны,

Асқынтып алмай жараны,

Орындап жүрген жөн болар,

Сондықтан сақтық шараны!

Айтпақшы,

Тал түсте жүріп тек «ит»-ке,

Таланбау үшін көп итке,

Әлем боп емін іздеуде…

Құтырған осы COVID-ке.

Қазыбек  Әшірбекұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: