Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутаттыққа кандидат: «Сөйтем, бүйтем!»

16.03.2023, 12:20 184

Мәжіліс  депутаттығына  тіркелген  кандидат Мақ­танбай  Уәдебайұлы сайлаушылары алдында тұр.

– Депутат болсаңыз, халықтың жағдайы жақсара ма? – деп сұрады біреу.

– Иә, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем! Сөйткенде сондай болады, бүйтсем, сондай болады, сөйтемін, бүйтемін. Сөйте беремін, бүйте беремін.

– Кешіріңіз, депутат болып кетсеңіз, неден бастайсыз?

– Сөйтуден бастаймын, бүйтуден бастаймын, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем, сөй… сөйтем..

– Әшейін уәде болып қалмай ма? – деп сұрады тағы біреу.

– Оо, сөйтем ғой, бүйтем ғой, сөйтем, бүйтем, сөйтем,  бүйтем.

– Жаңа Қазақстан қандай болады?

– Сондай болады, мұндай болады, сондай болады, мұндай болады, сондай болады, мұндай болады!

– Ұлтын сүйген кандидаттарды аяқтан шалу неге жалғасып жатыр?

– Олар сөйте алмайды, олар бүйте алмайды, сөйте  алмайды, бүйте  алмайды, сөйте  алмайды…

– Ауылға газ, су келе ме?

– Сөйтіледі, бүйтіледі, сөйтіледі, бүйтіледі, сөйтіледі,  бүйтіледі…

– Жемқорлар  тиыла  ма?

– Сөйтіп жібереміз, бүйтіп жібереміз, сөйтіп жібере­міз, бүйтіп жіберміз! Сөй… сөй…

Халық  тарады. Бір-біріне  қарады. Олар  да: «Сөйтеді екен, бүйтеді екен, сөйтеді екен, бүйтеді екен!»  деп сыбырласып бара жатты. Иә, сөйтеді екен, бүйте­ді  екен, сөйтеді  екен, бүйтеді  екен!

Мұхтар  ШЕРІМ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: