Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бір жеріңді қысып отыр!»

31.10.2023, 11:50 161

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Бір күні бір атақты журналист, блогер өзінің «Ютуб» каналына шақырып, менен сұхбат алды. Сұхбат алғаны құрысын, жанымды жаралап, болмайтын сұрақтармен мазалап, сөзімді бөле берді, бөле берді, сосын, іште жатқан сырларым өле берді, өле берді.

– Сіз кезінде атағы аспандап тұрған бір мықтының шопыры болдыңыз. Айтыңызшы, ол кісі өте нашар адам болды, «екінші адам» ретінде дүниені жалпағынан басты. Халықтың ақшасын оңды-солды шашты. Былайғы жұрт одан қашты. Қазір заман басқа, мықтыңыз қатты састы. Сіз оның қандай қылмыстарын білесіз?

– Жұрт біледі ғой, бірақ мен оның қылмыстарын көруге мүмкіндігім жоқ қой, мен жай шопыры болдым.

– Сіз бір жеріңізді қысып отырыңыз. Сіз не, оны ақтау үшін келдіңіз бе?

– Жоға, мен шопырымын. Маған сырын айтар ма?

– Бір жеріңді қысып отыр.

– Қысып отырмын.

– Ол сізді боқтайтын ба еді?

– Айтуға ыңғайсыз енді. Бір жолы…

– Сіз ақтағалы отырсыз ба, не? Шешеден жіберді ме?

– Былай ғой. Бір жолы…

– Бір жеріңізді қысып отырыңыз. Әйтпесе, сұхбатты тоқтата саламын. Ол кісінің тоқалдарын танисыз ба?

– Былай ғой. Бір жолы…

– Не деген адамсыз? Нақты жауап берсеңізші? Не, бір жолы, бір жолы? Ол кісі кімдерді өлтіруге тапсырыс берді?

– Мен жай ғана шопыры болдым. Бір жолы…

– Ит адам екенсіз ғой! Не бір жолы?

– Айтайын да, енді… Ол мені адам құрлы көрмейтін. Құлы сияқтымын. Бір жолы…

– Оңбаған, адам екенсіз! Тағы бір жолы сұхбат алармыз! Осымен сұхбатымыз тамам, жүріңіз аман!

Амал жоқ, «бір жерімді» қысып, кетіп қалдым. Әлі қысып жүрмін… Осындай да блогер болады екен-ау?

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: