Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белгісіз бейне

24.10.2023, 11:50 174

HALYQLINE.KZ

Ерігіп отырып әлеуметтік желіге жан баласы танымайтын бір фото салдым.

Сәлден кейін жұрт суретке «комментарий» жаза бастады.

– Мынау кім ербиіп тұрған? Ұсқыны жаман екен. Біздің ауылда тура осындай кісі болды. Жыным келеді.

– Үстіне киген киімі түк жараспайды. Колхозник біреу ғой. Бейшара…

– Бұл өзі қазақ па? Қазақша білмейтін мәңгүрт сияқты. Тупой.

– Көрмәдік адамнан аумайды. Есектің миын жегір.

– Мына суреттен менің итім «красавчик» қой.

– Пошымын қарашы өзінше бір керемет сияқты болып тұр. Арсыз неме, кет жоғал!

– Пошел вон. Урод.

– Әкеңнің көрі жаңғыр, арамтамақ.

– Астапыралла өзімен кетсін. Шайтан…

– Көзіңе шөп кіргір, сүмелек.

Ешкімге жазығы жоқ жансыз бейнені қаралаған түсініктеме сөздер тоқтайтын емес. Үсті-үстіне келіп жатыр. Аузына ашса қарғыс жауатындар жиналып қалыпты.

Содан суреттің үстіне «Бұл ауданға келген жаңа бастық» деп, бадырайтып жазып қойдым. Сол-ақ екен:

– Қош келдіңіз, басекем!

– Ақылды басшыға ұқсайды. Жүрегім сезеді.

– «Интеллигентный» адам осындай болады.

– Ажарлы кісі екен. «Келбеті келіскеннен ақыл сұра» демей ме?

– Осы азаматтың ауданға бастық болғаны дұрыс болды. Өте іскер, жұмысына тиянақты жан.

– Білгір маман. Көр де тұр, біздің ауданды жетістікке жеткізеді. Сәттілік тілеймін!

Жазғыштар мен білгіштер әлі жазып жатыр…

Нұрлыбек  ЖҰБАТҚАН,

Ақтөбе қаласы

Сурет  ашық дерекөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: