Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бауыржан Момышұлының өз дауысы: «Бұл Жеңіс бізге арзанға түскен жоқ»

09.05.2026, 12:06 38

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында «Қазақстан» РТРК» АҚ Алтын қорында сақталған ерекше архив жазбасы көпшілік назарына ұсынылды. Бұл жазбаның құндылығы бөлек. Өйткені онда қазақтың даңқты батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарындағы ауыр кезеңді өз даусымен еске алады.

Архивтегі аудиожазбада Бауыржан Момышұлы Жеңістің оңай келмегенін, майдан мен тылдағы халықтың жанқиярлық еңбегін айтады. Батырдың сөзінде соғыс туралы құр ұран да, жасанды пафос та жоқ. Керісінше, қан майданды көзімен көрген адамның ішкі шындығы, жоғалтқан замандастарына деген сағынышы, ел алдындағы азаматтық борыш туралы терең ой жатыр.

«Күн-түн демей еңбек етіп, Жеңіс үшін тер төктік. Осының бәрін біз тарих алдында, Отан алдында, адамгершілік, намыс алдында ақ ниетпен, азаматтық борышымызды өтеу үшін істедік. Бұл Жеңіс бізге арзанға түскен жоқ. Ерлеріміздің қан майданда құрбан болғандары аз емес. Менен ақылды, менен батыр жігіттердің өліп кеткенін көзім көрді. Олар Ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін жанын аямастан соғысты. Тәуелсіздік үшін жан тәсілім етті», делінген аудиожазбада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: