Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақтауда 26 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті

14.07.2026, 11:14 47

Ақтауда 26 жастағы Шыңғыс Шектібаев іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Іздеушілердің мәліметінше, 1999 жылы туған азамат Ақтау қаласының 17-шағын ауданында тұрады. Ол 2026 жылғы 1 шілде күні таңертең үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Жоғалған азаматтың белгілері:

бойы – 175–180 см;

дене бітімі – арықша;

шашы – қысқа, қара түсті.

Жоғалған күні оның үстінде қара түсті спорттық кофта, қара шалбар және ақ түсті кроссовка болған. Өзінде сұр түсті рюкзак-сөмкесі болған.


Фото: istockphoto.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: