Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

29.07.2026, 12:02 47

Бұл туралы «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» хабарлады.

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.

Мамандар Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: Inbusiness.kz коллажы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: