Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеңімпаз жоба жалғасын табуда

21.10.2020, 12:50 748

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Тарихи-мәдени нысандарды сақтау бойынша жобаларға волонтерлерді тарту бойынша «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру» мақсатында жарияланған шағын грант байқауының жеңімпазы 6В11177-Туризм білім беру бағдарламасы, Т-18-1 оқу тобының студенті Ұлан Асановтың «Туған өлкені тану» жобасы өз жұмысын сәтті атқаруда.

Жобаның мақсаты – жағдайы төмен, әлеуметтік топқа кіретін отбасы балаларына Қызылорда облысының туристік объектілерімен таныстыру, экскурсия ұйымдастыру. Жоба жоспарына сәйкес Сауран қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Сауран қаласы XII ғасырда негізі қаланып, XVI ғасырда Ұлы Жібек жолының бойындағы көркейген ірі қалаға айналған Қазақстанның ең құнды тарихи ескерткіштерінің бірі және бірегейі. Тарихи мекенге саяхат барысында 6В11177-Туризм білім беру бағдарламасының студенттері де волонтер ретінде белсенді атсалысты.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: