Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жағажай жұмысы жандануда

03.06.2020, 14:05 822 0

HALYQLINE.KZ Өздеріңіз білетіндей, жаһандық пандемияның салдары барлық кәсіпорындарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, оның ішінде туристік нысандарға да кері әсерін тигізіп, қызметтері тоқтаған болатын. Осыған сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан аумағында Төтенше жағдай режимі алынып, карантиндік шаралардың кезең-кезеңмен жеңілдеуіне байланысты, бірқатар туризм саласының қызметтері өз жұмыстарын қайта бастады.

Бүгінгі күні, қала көлемінде 2 жағажай («Сыр самалы» қалалық жағажайы, Белкөл кентіндегі «Балалар жағажайы»), Шиелі ауданында Ханқожа көлінің жағажайы («Бәйгеқұм» демалыс аймағы) демалушыларды қабылдауға дайын. Сонымен қатар, қала көлемінде 11 маусымдық демалыс орындары («Арай аква», «Аква Гранд», «Аква Хауз», «Селена аква», «Сабалак аква», «Керуен», «Шах», «Дала Парк», «Пмк-26», «Пмк-29», Көксу мекенжайында орналасқан «Сырдария толқыны») жұмыстарын жалғастыруда.

Бұдан бөлек, Арал ауданының Бас санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылғы 31 мамырдағы №9 қаулысының 5.1 тармағына сәйкес, аудан көлемінде инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі 0%-дан 36,6%-ға өсуіне байланысты эпидемиялогиялық ахуал тұрақталғанға дейін жағажай қызметтері өз жұмысын тоқтата тұру туралықаулы етілді. Осыған байланысты, Арал ауданында орналасқан «Қамыстыбас» демалыс аймағы облыс көлемінде өз жұмысын белгісіз мерзімге тоқтатып тұр.

Қазіргі таңда, COVID-19 жағдайының өршуі толық жойылмауына байланысты, жоғарыда аталған демалыс аймақтарына барған кезде карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, сақ жүруге кеңес береміз!

Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: