Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Туризм тұралап қалмасын деп…

09.09.2020, 10:00 689

HALYQLINE.KZ Облысымызда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында инвестицияның жалпы сомасы 6 млрд 361 млн теңгені құрайтын 30 нысан жұмыс істеуде. Онда 737 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қолданыстағы 30 нысанның 23-і «Google maps» және «Yandex карта» жүйесіне енгізілген. Айта кету қажет, іске қосылған жобалардың барлығы жоба бастамашыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды іске қосу жоспарлануда.

Бағдарлама аясындағы туристендіру картасына облыстан 3 туристік нысан енгізілді: «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы.

Айта кету керек, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру туристендіру картасының ТОП-10 басым нысандар тізіміне, ал «Қамыстыбас» демалыс аймағы мен «Жаңақорған» шипажайы ТОП-50 нысандар тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы бойынша біршама жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда жылына 250-500 мың аралығында туристерді тартатын болады деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: