Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2,5 пайызбен 5 млрд теңге несие бермекші

22.06.2023, 11:21 483

HALYQLINE.KZ

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға несие беру қағидасын әзірлеп, оны жария талқыға шығарды. Ережеде кәсіп бастаушылардың жобасына жергілікті атқарушы органдар арқылы қандай шарт ұсынатыны жазылған. 

Несие 10 жыл мерзімге беріледі. Несиеге үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Несие берудің негізгі шарттары: 

мерзімі – 10 жылға дейін;
ең жоғары сомасы– 5 млрд теңгеден аспайды;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды. 

Несие қаражатына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жаңа жобаларды бастауға, бұрын қолға алынған жобаларды дамытуға болады. 

Мұндай жобаларға келесілер жатады: 

тауарлы сүт фермасы (қуаты 400 бас малдан бастап);
ет бағытындағы құс фабрикасы (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
көкөніс сақтау қоймасы (1000 тоннадан бастап);
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, жемшөп өндірісі).

Несие алу үшін міндетті түрде кепілге қоятын дүние болу керек.

Сондай-ақ, аталған несие түрін алуға үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортты алмастыруын ескере отырып, салалық орындылығы;
өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;
уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
ауыл халқының табысын арттыру шеңберінде жобалармен ынтымақтастық және кооперация;
ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; 
кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 күннен артық болмауы;
берік азық базасын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 5 шілдеге дейін. 

Мына сілтемеге өтіп, әрбір талқыға шыққан жобаға ұсыныс-пікір қалдыруға болады.

Жасұлан Наурызәлі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: