Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зеленский Ресей агрессиясын қолдағандардың активтерін тәркілеу заңына қол қойды

23.05.2022, 15:45 2296

HALYQLINE.KZ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей агрессиясын қолдағандардың мүлкі мен активтерін тәркілеу туралы заңға қол қойды.

«Ресейдің Украинаға қарсы»агрессиясын»қолдап жатқандардың активтерін тәркілеу – дұшпанның есебінен бюджетті тез және нәтижесі толтыруға мүмкіндік береді», – деп жазылған президент сайтындағы ақпаратта.

Тиісті заң жобасын Жоғарғы Рада 12 мамырда қабылдаған.

Құжатқа сәйкес, тәркілеу шешімін Жоғарғы антикоррупциялық сот қабылдайды.

Бұл заңды қолдануға төменгі жағдайлар негіз болады: Украинаның егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіру; мұндай әрекеттерді қолдау, оның ішінде «агрессор елдің» бағалы қағаздарына инвестиция салу; украин патриотизімін «нацизмге» теңеу; украин еліне, мәдениетіне және тіліне қарсы араздықты қоздыру.

Мамыр айының басында «Сбербанк» пен «ВЭБ.РФ» корпорациясының Украинадағы еншілес банктерінің активтерін мемлекет пайдасына алу туралы жарлыққа қол қойылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: