Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Украин дрондары алғаш рет Екатеринбург пен Челябинскке шабуыл жасады

25.04.2026, 19:40 48

HALYQLINE.KZ

Соғыс басталғалы бері алғаш рет украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресейдің Свердлов облысы мен Челябинск облысына шабуыл жасады, деп жазады zhasalash.kz.

Осылайша дрондар 1700 шақырымнан астам қашықтықты еңсерген.

Telegram-дағы Shot арнасының мәліметінше, шабуыл Мәскеу уақытымен таңғы сағат 05:30 шамасында (Астана уақытымен 07:30) басталған. Екатеринбург тұрғындары әуелі аспандағы гуілді естіп, артынша қатты жарылысты байқаған.

«Дрон Екатеринбургтің орталығындағы көпқабатты тұрғын үйге соғылды. Шабуылға «Тринити» тұрғын үй кешені ұшырады. Жоғарғы қабаттардағы терезелер сынған, түтін байқалды. Үйден 50-ден астам адам эвакуацияланды. Кемінде төрт пәтер зақымданды», — деп жазады арна.

Алдын ала мәлімет бойынша, қалаға «Лютый» үлгісіндегі украин дрондары шабуыл жасаған. Ғимарат қасбетінің бөліктері мен дрон қалдықтары 200 метрге дейін шашылған. Қазір оқиға орны қоршауға алынған.

Шабуыл салдарынан алты адам зардап шекті. Біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Тағы бесеуі түтінге уланып, ауруханаға жатудан бас тартқан.

Фото: Sofiia Gatilova/REUTERS

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: