Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды

18.04.2026, 14:00 42

HALYQLINE.KZ

Түркияның Измир қаласында білім ошағына қарулы шабуыл жасамақ болған сегіз адамнан тұратын топ қолға түсті. Күдіктілердің басым бөлігі мектеп жасындағы жасөспірімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды egemen.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Торбалы ауданындағы лицей оқушылары WhatsApp мессенджерінде арнайы топ құрып, онда орта мектепке шабуыл жасау жоспарын талқылаған. Жасөспірімдер бұл әрекетті бұған дейін Шанлыурфа мен Кахраманмарашта болған қайғылы оқиғаларға ұқсас сценарий бойынша жүзеге асырмақ болған көрінеді.

Тергеу амалдарының нәтижесінде сегіз күдікті ұсталды. Олардың алтауы – 17 жаста, біреуі – 18 жаста, ал тағы бір мүшенің жасы әзірге нақтыланбаған. Күдіктілердің үйлері мен цифрлық құрылғыларын тінту барысында қылмыс жоспарын айғақтайтын бұлтартпас дәлелдер тәркіленген.

Сот шешімімен ұсталғандардың екеуі үйқамаққа алынып, екеуі сот бақылауына берілген. Тағы үш жасөспірім үйіне жіберіліп, сегізінші күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қандай екені белгісіз.

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: