Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мысырда пойыздар соқтығысты: 7 адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шекті

09.11.2026, 10:15 10

HALYQLINE.KZ

Мысырда екі локомотив соқтығысып, пойыз вагондары рельстен шығып кетті, салдарынан жеті адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шекті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі 7 адамның қаза тапқанын растады. Олардың арасында ауруханада көз жұмған пойыз машинисі де бар.

«112 адам жарақат алды, жағдайы жақсаруына байланысты зардап шеккен 45 азамат медициналық мекемелерден шығарылды», — деп мәлімдеді ведомство.

Мысыр ұлттық теміржол басқармасы болған қайғылы оқиғаның мән-жайын хабарлады.

«Жексенбі, 8 қарашада «Тахья Миср» пойызы (№134, Гиза – Файюм бағыты) №2010 пойызының (Каир – Асуан бағыты) артқы бөлігіне соғылды. Оқиға Кафр-Аммар және Эр-Ракка станциялары арасындағы учаскеде болды. Бірнеше вагонның рельстен шығып кетуі салдарынан жолаушылар зардап шекті», — деді ведомство өкілдері.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Фото: Sayed Hassan/Getty Images

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: