Вашингтон Иранмен келіссөз жүргізуге әлі де ашық, алайда Тегеранның дипломатиялық жолмен реттеуге шынайы ниет танытып отырғанына күмәнмен қарайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Манилада өткен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) сыртқы істер министрлерінің кездесуінде сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Иранмен сындарлы диалогқа әлі де дайын екенін айтты.
— Америка Құрама Штаттары әрдайым дипломатиялық жолды қолдайды. Қазіргі мәселе — олардың келіссөздерге байыппен қарамай отырғанында. Егер олар шындап келіссөз жүргізуге дайын болса, біз де дайынбыз. Ал егер олай болмаса, өз мүдделеріміз бен одақтастарымыздың мүдделерін қорғау үшін қажетті барлық шараны қабылдаймыз, — деді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!